Еңбек өтілі
Білімі
— 2001–2002 жж. — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, интернатура, «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы базасында;
— 1995–2001 жж. — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» мамандығы.
Клиникалық және ғылыми қызметінің негізгі бағыттары
— Асқазан-ішек жолдарының ағзаларына диагностикалық ішкіэндоскопияның барлық түрлері;
— Асқазан-ішек жолдарының ағзаларына оперативтік ішкіэндоскопияның барлық түрлері;
— Төменгі тыныс жолдарының ағзаларына диагностикалық ішкіэндоскопияның барлық түрлері;
— Төменгі тыныс жолдарының ағзаларына оперативтік ішкіэндоскопияның барлық түрлері.
Қосымша оқу және тағылымдамадан өтуі
Түркия, Германия, Латвия, Ресей және Оңтүстік Кореяда қосымша оқулар мен тағылымдамалардан өтті.
— 2018 ж. — «Асқазан-ішек жолдары және гепатобилиарлық аймақ ауруларында эндоскопиялық ультрадыбыстық диагностика және емдеу» тақырыбында бір айлық тағылымдама, Сеул қ., Оңтүстік Корея;
— 2017 ж. — «Ұйқыбездің жалған кисталарын эндоскопиялық дренаждау» тақырыбында бір айлық тағылымдама, Каунас қ., Литва;
— 2014 ж. — «Асқазанның шырышты қабатын субшырыштық қабатта диссекциялау арқылы резекциялау – онкологиядағы диагностикалық және емдік әдіс» тақырыбында шеберлік сабағы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, Астана қ.;
— 2014 ж. — «Трансбронхиалды биопсия» тақырыбында бір айлық тағылымдама, Сеул қ., Оңтүстік Корея;
— 2013 ж. — «Эндоскопиядағы инновациялық технологиялар» тақырыбында семинар, Республикалық нейрохирургия орталығы, Астана қ.;
— 2013 ж. — «Асқазан-ішек жолдарының ағзалары ісіктерін эндоскопиялық диагностикалау және емдеу» бағдарламасы бойынша екі айлық тағылымдама, Ыстанбұл қ., Түркия Республикасы;
— 2012 ж. — «Эндоскопия», Республикалық нейрохирургия орталығы, Астана қ.;
— 2007 ж. — «Эндоскопия», АГИУВ, Алматы қ.;
— 2003 ж. — «Диагностикалық эндоскопия», АГИУВ, Алматы қ.