Сәулелік диагностика бөлімі

Магниттік-резонанстық томография

SuperMark,Anke 1.5Тл (Қытай)

МРТ (магниттік-резонанстық томография) – бұл магниттік өрісті және радиотолқынды (рентген аппараттары мен компьютерлік томографияда пайдаланылатын иондалған сәулеленуді емес) пайдаланатын диагностиканың қазіргі заманғы түрі. Сондықтан МРТ қауіпсіз және қажет болғанша жиі жүргізілуі мүмкін. Магниттік-резонанстық томография жұмсақ тіндерді зерттеу кезінде неғұрлым көрнекі, қандай да бір органның тіндерінің кесінділері түрінде бейнелер алуға мүмкіндік беретін жоғары ақпараттандырылған диагностикалық әдіс болып табылады.

Толығырақ

Компьютерлік томография

64-қима, Phillips Brilliance (Нидерланды)

Компьютерлік томография (КТ немесе МСКТ) – бұл ішкі органдар мен жүйелердің құрылымын қабаттық зерттеуге негізделген диагностика әдісі; деректер бейнеге жедел егжей-тегжейлі талдау жүргізуге мүмкіндік беретін қуатты компьютерлік станциямен біріктірілген рентгенологиялық жабдықтың көмегімен алынады. Компьютерлік томография инвазивті емес (тіндерді зақымдаусыз жүзеге асырылатын) диагностикалық әдістердің бірі болып табылады.

Өте жұқа кесінділерді реконструкциялауға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы бағдарламалық қамтамасыз етумен үйлесімдегі КККТ-ның жоғары рұқсат ету қабілеті өлшемдері тіпті бірнеше миллиметрден аспайтын өзгерістерді визуализациялайды, бұл ауруларды ең ерте сатыларда анықтауға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Рентген

Opera сандық аппараты (Италия)

Рентгенология – ауруларды диагностикалаудың сәулелік әдістерімен байланысты медицина бағыты. Бұл зерттеу сәулеленуді қолдана отырып, заманауи диагностикалық аппараттарда жүргізіледі.

Толығырақ
Created with Pixso.