Көп бейінді медициналық орталық
Ол 2018 жылы елордадағы медициналық кластердің дәл орталығында орналасқан жеке заманауи ғимаратта ашылды. Біздің медициналық орталық АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Кореяның жетекші әлемдік өндірушілерінің заманауи медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Біздің барлық медициналық қызметкерлеріміз жоғары медициналық біліктілікке ие және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне қатаң сәйкестікте жұмыс істейді.
Біздің орталықтың көп бейінділігі біздің пациенттерге дәрігердің алғашқы қабылдауынан, функционалдық және сәулелік диагностикадан терапиялық және хирургиялaық бейін бойынша стационарлық емдеуге дейін медициналық қызметтердің кең спектрін алуға мүмкіндік береді. Біздің пациенттер үшін біз келісімшарт негізінде профилактикалық дербестендірілген медицина элементтерімен ұзақ мерзімді қатынастарды, сондай-ақ созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылауды қамтамасыз етеміз. Біздің басымдылығымыз – пациенттердің қауіпсіздігі және көрсетілетін медициналық қызметтердің қауіпсіздігі. Сондықтан бізде медициналық құралдарды зарарсыздандыруға арналған өз орталығымыз бар және тек заманауи жабдықтар мен дәлелденген зарарсыздандыру құралдарын пайдаланамыз. Біз пациенттерімізге денсаулық тілейміз және егер Сіз бізге медициналық көмекке жүгінуіңіз керек болса, біз Сізге жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетуге әрқашан қуаныштымыз.
Құрметпен, Green clinic ұжымы.